389,96 432,20 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда полиция ардагері Д. Адамбеков тұрған үйге ескерткіш тақта қойылды

  • 406
Қарағандыда полиция ардагері Д. Адамбеков тұрған үйге ескерткіш тақта қойылды

Қарағандыда полиция ардагері Досбек Адамбеков тұрған үйге ескерткіш тақта қойылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол еліміздің ішкі істер саласында табаны күректей 32 жыл тер төккен. Еңбек жолын қатардағы милиция болып бастаған Досбек Көпбайұлы кейін көптеген басшылық қызметтерді атқарады. Тіпті министрдің кеңесшісі ретінде Ауғанстанда да ұзақ жыл жұмыс істеген. Бірнеше орден, медальдармен марапатталған. Ардагер осыдан 8 жыл бұрын 72 жасында өмірден өтті. Қазір ата жолын ұрпақтары абыроймен жалғастырып келеді. Бауырлары, балалары мен немерелері ішкі істер саласында жемісті еңбек етіп жатыр. Олардың ортақ еңбек өтілін қосса ғасырдан асады.

Ермек Адамбеков, қала тұрғыны:

– Біздің Адамбековтердің әулеті полиция қызметіне 130 жыл еңбек етті. Полициямен біздің байланысымыз тығыз. Біз қызмет еттік. Полиция органдарына көп рақмет. Біздің Адамбековтердің әулетінің көпшілігін тәрбиелеп, бүгінгі жағдайға жеттік.

Хабар 24 телеарнасы