383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысында «Жаңа серпін» бағдарламасы арқылы жастар жұмыспен қамтылады

  • 215
Атырау облысында «Жаңа серпін» бағдарламасы арқылы жастар жұмыспен қамтылады

Атырау облысында «Жаңа серпін» мемлекеттік бағдарламасы аясында жастарды жұмыспен қамту бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Халықаралық стандарттар негізінде білім беретін жоғары техникалық колледждің базасында ұйымдастырылған оқу курстарында дәнекерлеуші, электрмен қамтушы, автоматтық қондырғыларды басқарушы, құбыр монтаждаушысы секілді өндіріске өте қажет жұмысшы мамандықтар оқытылады. Биыл алдыңғы кезекте дәнекерлеуші және құбыр монтаждаушы секілді мамандық бойынша Маңғыстау облысынан шақырылған 30 жас оқуды бастады. Атап айту қажет, мемлекеттік бағдарлама биыл тұңғыш рет жергілікті компаниялардың қаржысымен жүзеге асырылып жатыр. Яғни жұмыс берушілер жастарды тегін оқытып, кейін кепілді түрде өздеріне қызметке қабылдайды. Былтыр да тек Маңғыстау облысынан 40 бала білім алып, Атыраудағы өндіріс орындарына жолдама алды. Бағдарламаның әлеуметтік тиімді жақтары көп. Жұмыссыз жастарға шәкіртақы төленіп, ыстық тамақ және жатын орынмен тегін қамтылады. Еңбек нарығындағы нақты сұранысқа сәйкес әрі қазақстандық үлесті арттыру үшін оқушылардың санына да шектеу қойылмайды.

Димаш Сүйіндіков, оқу курсына қатысушы:

– Осы оқу орталығында «Электрмен қамту» мамандығы бойынша білім алып жатырмыз. Жалпы өзімнің ойым алдағы уақытта осы мамандығым бойынша жақсы жұмыс жасаймын деген сенімдемін.

Адайбек Базарғалиев, электрик және автоматика мамандығы бойынша тәлімгер:

– Біз жастарға білім беру бағдарламасымен айналысып жатырмыз. Екі-үш айдың ішінде дайындап, белгілі компаниялармен отырған шарттарымыз бар, сол партнерлардың арқасында олар өндіріске жолдама алады. Осы алған білімдері арқылы олар өндіріске керекті сертификаттарын ала отырып, өндіріске жолдама алады.

Хабар 24 телеарнасы