384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


300-ге жуық елордалық жас түлек қала әкімінің қолынан «Алтын белгі» алды

  • 173
  • UPD: 21:51, 18.06.2019
300-ге жуық елордалық жас түлек қала әкімінің қолынан «Алтын белгі» алды

Оқуда озат болған 300-ге жуық елордалық жас түлек бүгін қала әкімінің қолынан алтын белгі алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

11 жыл бойы үздік үлгерім көрсеткендерді марапаттау мақсатында «Елорда мақтанышы» атты іс-шара ұйымдастырылған.

Үздік оқушыларды марапаттауға арнайы келген Алтай Күлгінов үлкен өмірге қадам басқалы тұрған жас түлектерге сәттілік тілеп, ата-аналары мен ұстаздарға алғыс айтты. Биыл Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 6 мыңнан астам түлек мектеп бітірді. Оның 300-ден астамы «Алтын белгі» иеленсе, тағы осыншамасы мектепті үздік аттестатпен аяқтады. 100-ден астам түлек мемлекеттік және халықаралық университеттердің гранттарын жеңіп алды.

Аида Сұлтан, «Алтын белгі» иегері:

– Өміріміздегі ең алғашқы белестің бірін бағындырдық. Бұл – мен және менің отбасым үшін үлкен қуаныш. Осы сәтті пайдалана отырып, түлектерге қажымас қайрат, шаршамас жігер тілегім келеді.

Аружан Ақылбек, «Алтын белгі» иегері:

– Шынымен бүгін алынбас асудың бірін бағындырдық деп санаймыз. Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің қолынан «Алтын белгі» алып жатырмыз. Бұл – мен үшін үлкен мақтаныш.

Хабар 24 телеарнасы