383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда 478 оқушы «Алтын белгіге» қол жеткізген

  • 234
  • UPD: 21:55, 18.06.2019
Алматыда 478 оқушы «Алтын белгіге» қол жеткізген

Алматыда мектеп қабырғасында 11 жыл бойы оқу үздігі болған жас түлектер бүгін қала әкімінің қолынан «Алтын белгі» төсбелгісін алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биылғы оқу жылында қала бойынша 8250 түлек мектеп бітіріп отыр. Оның ішінде 478 оқушы орта білім туралы «Алтын белгіге» қол жеткізген. Бүгін оларға көптен күткен төсбелгілерін қала әкімі Бауыржан Байбек пен Еңбек ері Аягүл Миразова салтанатты түрде табыстады. Кеш соңында түлектер мектеп бітіру вальсін билеп, эстрада жұлдыздарының концертін тамашалады. Айта кету керек, Ұлттық бірыңғай тест нәтижесі өзгелермен тең түскенде, «Алтын белгі» иегерлеріне артықшылық беріледі. Және еліміздің бірнеше Жоғарғы оқу орындарында олар үшін жеңілдіктер қарастырылған.

Балнұр Шыңғысбай, «Алтын белгі» иегері:

– Мен қазір «Алтын белгіні» алғаннан кейін қуанып та, қобалжып тұрмын. 11 жыл бойы талмай еңбектеніп, оқығанымның арқасында осы жетістікке жетіп отырмын. Ең бірінші ата-анама алғысымды білдіремін. Одан кейін мектеп ұстаздарына. Ендігі мақсатым – ұлттық бірыңғай тестіні жақсы тапсырып, жоғарғы оқу орнына түсіп кету. Грант иегері атану. Және де биыл бітіріп жатқан жас түлектерге сәттілік тілейміз.

Хабар 24 телеарнасы