389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысын дамытуға 1 трлн 236 млрд теңге қаржы бөлінді

  • 391
  • UPD: 08:39, 19.06.2019

Соңғы 1 айдың ішінде үкімет деңгейінде Түркістан қаласын дамытуға және  облыстың келешегін қалыптастыруға бағытталған 1 заң мен 5 қаулы қабылданды.

Ал облысты дамытудың 2024 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық бас жоспарына сәйкес, 5 жылға 1 трлн 236 млрд теңге қаржы бөлінді. Бұл туралы Түркістан облысының 1 жылдығына орай ұйымдастырылған алқалы жиында өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев баяндады. Облыс әкімінің айтуынша, аймақтағы туризм саласын дамыту мақсатында  экологиялық, тарихи-мәдени және танымдық бағытта 57 туристік маршрут әзірленген.

Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өткен жылдың 19 маусымында Түркістан облысын құру туралы Жарлыққа қол қойды. Облыс орталығы етіп Түркістан қаласын бекітті. Былтыр шаһардағы жолдардың 25 пайызы ғана қанағаттанарлық болса, биыл бұл көрсеткіш 35 процентке жеткен. Жыл соңына дейін 50 пайызды межелеп отыр. Қазір қаладағы 80 көшеде 100 шақырым жол жөнделуде. Дәл бүгінгі күні облыстағы 385 ауыл газбен қамтылған. Бұл өңірдегі елді мекендердің 45, ал тұрғындардың 55 пайызын құрайды. Қазір 58 нысанда құрылыс жұмыстары жүруде. Жыл соңына дейін тағы 27 елді мекен көгілдір отынмен қамтылмақ.

Нұрақын Шарипов, облыстық энергиетика және ткш басқармасының бөлім басшысы:

- Қазірден бастап айта берсек болады. Түркістан облысы бойынша қамтылу көрсеткіші елді мекендер санымен 412 жеткіземіз. Жылдың қорытындысымен ол 47 пайызға барады. Тұрғындар 57 пайыз болады. 2021 жылға дейін тағы да 90 елді мекенді газдандыруды жоспарлап отырмыз.

Түркістан облыс орталығы болғандықтан жаңа әкімшілік іскерлік орталығы мен мәдени-рухани аймақ бой көтеріп жатыр. Мұнда 27 нысан салынуда. Оларды ұлттық компаниялар мен еліміздің өзге облыстары салып, Түркістанға тарту етеді. Аталған нысандардың 11 биыл, қалғаны келесі жылы пайдалануға беріледі. Қазір шаһарда әлеуметтік кәсіпкерлік коорпорациясы есебінен 47, ал бюджет қаражатынан 64 көпқабатты тұрғын үй салынып жатыр. Осы айдың соңында 660, ал шілде айында 300 пәтердің кілті тапсырылады. Жыл соңына дейін 2 мың баспана беріледі деп күтілуде.

Қосман Айтмұхамбетов, облыс әкімінің бірінші орынбасары:

- Түркістан облысы бойынша 194 нысан салынып жатыр. Соның 100-і биыл пайдалануға беріледі. Қалған 94-ін ендігі жылы бітіреміз деп жоспарлап отырмыз. Бірақ онымен тоқтап қалмаймыз 200 нысанның жобалық құжаттамасы дайындалып жатыр. Ол 2024 жылға дейін жүзеге асырылады. 

Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуына орай баспасөз жиынын өткізіп, журналистердің алдында есеп берген өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев халықаралық талаптарға сай келетін «Қасқасу» туристік тау-шаңғы кешені салынатын жеткізді. Жобаның бірінші кезеңінде жылына 45-тен 110 мыңға дейін турист қабылдауға болады. Құрылысқа 1 900 адам тартылады. Ал жоба іске қосылғанда 400 тұрақты жұмыс орны ашылмақ. Сондай-ақ Түркістанға туристерді тарту мақсатында шаһарда орта ғасырдағы Бұхара, Хиуа қалалары сияқты қолөнер, сауда, зиярташылар қалашығы салынбақ.

Өмірзақ Шөкеев, облыс әкімі:

- Жоба-жоспарын біз америкалық компанияға тапсырып, қазір солар дайындап жатыр. Кеше ғана бірге талқыладық. Жақын арада көпшілікке көрсетіп, инвесторларды тартуды жоспарлап отырмыз.

Сонымен қатар облыс орталығын азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында Түркістан қаласы аймағында радиусы 15 шақырымды құрайтын азық-түлік және жасыл белдеу қалыптастыру жобасы басталды. Ғалымдардың сүйемелдеуімен ақылды технологияларды қолдана отырып 2 кезең бойынша жүзеге асады.

Өмірзақ Шөкеев, облыс әкімі:

- Жаңа технологияны пайдаланатын, тамшылатып суғаратын, жаңбырлатып суғаратын, жаңа технологиямен мал бордақылайытын, сүт, құс етін, жұмыстқа өндіретін, қарқынды бау сияқты азық-түлік белдеуін жасаймыз. Күзде 1-бөлігі іске қосылады 1 мың гектар жерге. Ары қарай жалғаса береді.

Аймақ басшысының айтуынша, «ауыл шаруашылығы саласында алдыңғы қатарлы технологияларды қолдана отырып, халықты жұмыспен қамту» мақсатында құны 89 млрд теңге болатын 480 жоба анықталды. Сонымен қатар соңғы 1 айдың ішінде үкіметтің қолдауымен Түркістан қаласын дамытуға және  облыстың келешегін қалыптастыруға бағытталған 1 заң мен 5 қаулы қабылданды. Ал облысты дамытудың 2024 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық бас жоспарына сәйкес, алдағы 5 жылға 1 трлн 236 млрд теңге қаржы бөлініп отыр. Айта кетейік, өткен 1 жылда өңірде осындай.

Авторлары: Жандос Жұмабек, Ерболат Әбіш

Хабар 24 телеарнасы