384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында учаскелік полиция инспекторы адам өмірін құтқарып қалды

  • 157
  • UPD: 09:22, 19.06.2019

Полицей отқа оранған үйден 49 жастағы  ер адамды қауіпсіз жерге шығарған. Оқиға үстіміздегі жылдың 25-ші мамырында Успен ауданындағы Галицкое ауылында болды.

Қарлығаш  Қасиетова, тілші:

 - Түнгі сағат екі. Бұл әдетте адамдардың шырт ұйқыда жататын кезі. Көрші үйден лаулаған от әп-сәтте мына үйдің шатырын алып кеткен екен. Абырой болғанда  адам шығыны жоқ. Көрші үйде төрт бала, ал мына үйде 49 жастағы азамат ұйықтап жатқан кез екен.

Үйдің иесі Оксана Сеник  өрт шыққан сәтте қонақта отырыпты. Түтінді сезген   9 жасар ұлы  дереу қарындастарын оятып далаға шығарады. Көмек сұрап көшеге  шыққанда  учаскелік полиция инспекторы Ержан Бексолтанов алдынан шыққан.

Оксана Сеник, ауыл тұрғыны:

- Құрбыларыммен бас қосуда отыр едім. Үлкен балам қоңырау шалып, үйдің іші түтін екенін айтты. Мен тез жиналып үйге келдім. Үлкен қызым әжесінің үйінде еді.Қалған төртеуі осы жерде тұрды.Мен үйге кіріп қарағанда өрт газ баллоны тұрған бұрыштан шығып жатыр екен. Қатты қорқып кеттім.Полиция инспекторы  үйде кім барын анықтап жатты. Көрші туралы тіптен ұмытып кеттік.

Қызыл жалын көрші үйге лап қояды. Өміріне қауіп төнгеніне қарамастан Ержан Бексолтанов жалғыз басты ер адамды құтқаруға кіріседі. 

Ержан Бексолтанов,  учаскелік полиция инспекторы:

- Осы үйге кірген кезде мына төбесі жанып жатты. Осындай ортаға дейін түтін болды. Кішкене еңкейдім де кірдім. Сосын комнатаға бардым. Осы комнатада үй иесі кереуетте отырды. Мына жерде киімдерін қарап, құжаттарын. Мына арада түтін болды. Үстінен келіп жатты.

Оксана Сениктің үйінде  қатар тұрған екі газ баллонның бірі көп ұзамай жарылады. Қауіп-қатерге қарамай лаулаған оттың ортасына қойып кеткен учаскелік полицейдің ерлігіне ауылдастары тәнті.

Оксана Сеник, ауыл тұрғыны:

- Менің айтар алғысым шексіз. Бізге келгелі ауылымыздың өмірі жақсара түсті. Тәртіп орнады. Білімді азамат, өз ісін жетік біледі. Өмір болған соң түрлі жағдайлар  болып жатады. Елгезек, бәріне үлгереді.

Ержан Бексолтановтың құқық қорғау саласында қызмет еткеніне   10 жылға жуықтапты. Өзі бұл әрекетін ерлік емес, қызметтік міндет деп санайды.

Ол кісі ғана емес, мынау құлап кетсе сіз де соның астында қалатын едіңіз ғой. Қалай қорыққан жоқсыз?

Ержан Бексолтанов,  учаскелік полиция инспекторы:

- Газ баллон жарылса да біреудің өмірін алып кетуші еді ғой. Соны ойлап, тез арада кірдім, алып шықтым. Құтқардым өмірін. Ондай кезде ойланып тұрмайсың. Уақыт жоқ ойланатын.

Ержан Бексолтановты басшылары  өзге әріптестеріне үлгі етіп отыр.

Әсет Садықов, Успен аудандық полиция бөлімі басшысының міндетін атқарушы:

- Өз басы тәртіпті, жұмыскер, тек жақсы жағынан көрсетеді өзін өзі. Осындай жағдайда міне  өрттен адам құтқарып отыр. Ондайға екінің бірі бара бермейді.

Аудандық полиция бөлімінің басшылығы қызметкерін қандай да бір марапатқа ұсыну жағын қарастырып жатыр. Қазақстан полициясының беделі қызметіне адал осындай азаматтардың қолында.

Авторлары: Қарлығаш Қасиетова, Самат Оспанов, Алексей Омельницкий

Хабар 24 телеарнасы