384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордалық полицейлер балаларға тосынсый жасады

  • 142
  • UPD: 09:19, 19.06.2019
Қызылордалық полицейлер балаларға тосынсый жасады

Олар облыс орталығындағы «Сәбилер үйінің» тәрбиеленушілеріне түрлі сыйлықтар тарту етіп, шат-шадыман көңілге бөледі.

Бал тілді балақайлар да түрлі қойылымдар мен ойындар ойнап, қонақтар алдында бар өнерін ортаға салды. Сәбилер үйінің басшылығы осындай игі шараларға ұйытқы болған облыстық полиция департаменті мен ардагерлер кеңесіне алғыс білдіріп, тәртіп сақшыларын кәсіби мерекелерімен құттықтады. Бұған дейін де бірқатар қайырымдылық шараларына демеу болған облыстың полицейлері осынау игі бастаманы дәстүрге айналдырмақ ниетте. 

Арыстанғани Заппаров, облыстық полиция департаментінің басшысы:

- Алдағы келе жатқан Қазақстан Полициясы құрылымының құрылған күніне орай осы сәбилерге қолдан келгенше сый-сияпаттарды алып келіп тапсырдық. Осы сәбилер үйінің ұжымына үлкен рахметімді айтайын деп едім. Осы азаматтарды қоғамның толық тұлғалары ретінде біздің қатарымызға да қосатынына менің сенімім кәміл.

 

Хабар 24 телеарнасы