383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында үш ауысымды мектеп мәселесі әліге дейін өзекті

  • 203
  • UPD: 12:57, 19.06.2019

Алматы облысында 3 ауысымды мектептер мәселесі әлі де өзекті.

Әсіресе Іле ауданындағы жағдай көңіл көншітпейді. Бала саны жыл артқан сайын өсіп келед екен. Мәселен, былтырғы оқу кезеңінде 52 мың бала білім алса, биыл  56 мыңға жуықтады. Нәтижесінде халық тығыз қоныстанған аймақтардағы 13 мектеп сабақты үш ауысымда өткізуге мәжбүр. 

Балия Абдуллаева басқаратын №34 орта мектепке жыл сайын жаңадан жүзден аса оқушы келеді. Бала санының артуына байланысты мекеме үш ауысымда жұмыс істеді. Яғни 220 орындық білім ордасында 900-ден аса шәкіртті оқытты.

Балия Абдуллаева, Жетіген ауылындағы №34 орта мектеп директоры:

- Біз бірінші класты бірінші ауысымда жіберіп отырмыз. Олар 11:30-да сабақ  бітеді. Полды жуғаннан кейін екінші смена басталады. Бізде именно бастауышта болып жатыр үш сменка. Ортасында пред сменканы жібереміз. 5,8,10 сыныптар өз уақытысында сабақ 40 минуттан басталып кетеді. Осылай шешіп отырмыз.

Өзекті мәселе биыл оң шешімін таппақ. Мектеп жанынан 300 орындық жапсаржай салынып жатыр. Қазір ғимараттың қабырғасы қаланып,  құрылысының 80 проценті аяқталған. 

Сәкен Нұрымбетов, мердігер мекеме бригадирі:

- Кафель жұмыстары атқарылып жатыр, вентиляция жұмыстары атқарылып жатыр. енді левкас жұмыстары 70 процент бітті. Сыртта асфальт, бардюр жұмыстары қалды. Соның бәрін 15 тамызда бітіреміз деп сөз береміз.

Білім ошағының  берілуін  Жетіген  ауылының тұрғындары да асыға тосып жүр. Солардың қатарында Бибігүл Әбіләхитова да бар. Енді, ақ жаулықты әженің немерелері кең әрі жарық сыныпта оқитын болады. 

Бибігүл Әбілахитова, Жетіген ауылының тұрғыны:

- Осы 34 мектепте 4 немерем оқиды. Төртеуі төрт бөлек кетеді. Кеш тарайды. Енді скл. балаларымыз үшін мектептің салынғанына қуаныштымыз. Оның үстіне балаларымыздың ұйқысы қанып мектепке келеді. Сабағын мұқият тыңдап, уақытымен оқиды. Уақытымен үйге қайтады.

Өткен оқу жылында аудандағы 48 мектептің 13-і үш ауысымда жұмыс істеді. Бала саны көп білім ошақтарын қалыпты жағдайға көшіру үшін   бірнеше мектеп салу көзделіп отыр.

Гүлнәр Мақсұтова, аудандық білім бөлімінің басшысы:

- 6 мектеп 2020 жылы салыну жоспарланған. Оған қажет құжаттары дайындалды. Сонымен қатар үш мектептің құжаттары дайындалып жатыр. 2020 жылы 9 мектеп беріледі. 

Білім ошақтары кеңейтіліп, жаңадан салынып жатқанымен ауданға көшіп келушілер көп. Соның есебінен алдағы оқу жылында үш ауысымды мектептер саны 25-ке жетуі мүмкін. 

Авторлары: Шыңғыс Қалиден, Олжас Байбосынов

Хабар 24 телеарнасы