384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте қала күні атап өтіледі

  • 242
  • UPD: 13:43, 19.06.2019
Шымкентте қала күні атап өтіледі

Шымкент - қазір елдегі шоқтығы биік үш қаланың бірі. Өткен жылы дәл осы күні берілген республикалық  мәртебесі шаһардың дамуына мүмкіндік беріп, жол ашты.

Бүгін Шымкенттіктер  қала күнін атап өтеді.  Ал миллион тұрғыны бар шаһар Солтүстік-Батыс және Шығыс бағытқа қарай дамуда дейді қалалық құрылыс басқармасының мамандары. Яғни Шымкенттің іргесінде «Шым сити» қалашығы мен «Тұран» мөлтек ауданын өркендетуге аса басымдылық беріліп отыр. 420 гектар аумақты алып жатқан «Шым Сити» қалашығында 316 нысан бой көтереді. Алғашқы  540 пәтерлі 10 тұрғын үйдің кілті жуырда тұрғындарға тапсырылған болатын. Шаһардағы ең биік көп қабаттты зәулім үй  де осында тұрғызылмақ. «Шым сити» қалашығында 70 мыңға жуық адам қол жетімді баспанамен қамтылады деген жоспар бар. Қалада қазіргі таңда 37 276 азамат тұрғын үй кезегінде тұр. Биыл шаһарда 4 524 пәтерлі 81 үйдің құрылысы жүргізілуде. Халық саны өскен сайын көлік нөпірі ұлғаюда. Қалада қазіргі таңда 340 мыңнан астам көлік бар. Осыны ескерген сала мамандары қазірден қала ішіне жолайрықтар салып, басты көшелерді кеңейтуге көшкен.

Ғалымжан Өтенбаев, қалалық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары:

- Өткен жылдың қортындысына сәйкес, Шымкент қаласы бойынша барлығы 435 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға тапсырылды. 2019 жылдың аяғында біздің жоспарымызға сәйкес, 470 мың шаршы метр үй пайдалауға тапсырылмақ. Әкімдік тарапынан бүгінгі таңда, Шымкент қаласының әуежайын жаңарту барысы жұмыстары атқарылып жатыр. Жобалық сметалық құжаттарын әзірлеу барысында. Сонымен қатар қалада зоосаябақ дейді ғой, соны қайта құру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы