389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық ғалымдар CERN-де тағылымдамадан өтеді

  • 370
  • UPD: 22:49, 19.06.2019

Еліміздің жас ғалымдары CERN-де тағылымдамадан өтіп, оның қондырғыларында жүргізілетін тәжірибелерге қатысуға мүмкіндік алмақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәжілістің жалпы отырысында Қазақстан үкіметі мен Еуропалық ядролық зерттеулер жөніндегі ұйым арасындағы халықаралық ынтымақтастық туралы келісім бекітілді. Бүгінгі таңда ұйымға 22 мемлекет мүше. Онда 2 мың 500-ге жуық адам жұмыс істейді. Оған қоса 113 елдің 600-ге тарта жоғары оқу орындарынан 10 мыңнан астам физиктер мен инженерлер халықаралық тәжірибелерге қатысады. Еуропалық ядролық зерттеулер жөніндегі ұйым – әлем бойынша қарапайым бөлшектер физикасын зерттеу саласындағы жетекші ұйым.      

Қанат Бозымбаев, ҚР энергетика министрі:

- Бүгінгі келісімшарт CERN-мен ынтымақтастық құру, кооперация құру бойынша жасалды. Бұл ғалымдарға керек нәрсе. Дүние жүзінде ең үлкен кешен бар. Сол қондырғылармен және басқа зертханаларда біздің ғалымдар істеуге мүмкіндік алып отыр.

Сондай-ақ Қанат Бозымбаев жаңадан құрылған Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне қатысты пікірін білдірді. «Бұл өз кезегінде өте дұрыс шешім болды деп санаймын», – деді министр. 

Еске сала кетейік, экология мәселелері бұған дейін Энергетика министрлігінің құзыретінде болған еді. Сондай-ақ депутаттар тұрғын үй шаруашылық, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобалары екінші оқылымда мақұлданды.

Хабар 24 телеарнасы