388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Студенттік құрылыс жасағы Түркістанды түлетуге аттанды

  • 334
  • UPD: 22:49, 19.06.2019
Студенттік құрылыс жасағы Түркістанды түлетуге аттанды

Шымкенттегі Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің мыңнан астам студенті жаз бойы құрылыс жұмыстарында іс-тәжірибеден өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін солардың алғашқы легі Түркістан облысының орталығында жүріп жатқан құрылыс нысандарына көмек беруге аттанды. Олар Түркістанда салынып жатқан көпқабатты үйлер, балабақша мен спорттық нысандардың кірпішін өз қолдарымен қалайды. «Жастардың жаз бойы төккен тері мен еңбектері ақталады», – дейді университет басшылығы. Оларға жұмысына қарай қомақты айлық жалақы төленеді.

Айта кетейік, студенттерден құралған құрылыс жасағы осыған дейін де Шымкенттегі Нұрсәт және Тұран мөлтек аудандарының құрылыс жұмыстарына қатысқан еді. 

Нұрша Есжан, студент:

- Түркістан қаласында студенттік құрылыс жасақтың алғашқы студенттері болғандықтан біз ол жерде құрылыс жасаймыз. Әркім өз мамандығы бойынша жұмыс жасайды. Ол жерде пікір алмасамыз. Білмегенімізді үйренеміз. Өзімізге тәжірибе жинаймыз.

Хабар 24 телеарнасы