383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстаулық жастар туған қаласына спорт кешенін тарту етті

  • 151
  • UPD: 22:48, 19.06.2019
Маңғыстаулық жастар туған қаласына спорт кешенін тарту етті

Жаңаөзен жастары туған қаласына озық үлгідегі спорт кешенін тарту етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар игі мақсатқа 16 млн теңге қаражат жинаған. Нәтижесінде «Шұғыла» шағын ауданында бірнеше спорт үйірмесі жұмыс істейтін екі қабатты нысан қолданысқа берілді. Барлық жағдайы жасалған кешенде бір мезгілде 100 адам шыныға алады. Жаттығу кестесінде оқушылар мен жасөспірімдердің жекпе-жек тәсілдерін үйренуіне басымдық берілген. Жаңаөзен қаласында спорттың осы түріне ден қойған жүзден астам жеткіншек бар. Олар осы күнге дейін ескі ғимаратта дайындық өткізіп келді. Сапасы сын көтермейтін нысанды көріп жүрген жастар өзінен кейінгі інілеріне көмектесуді былтырдан бері жоспарлаған екен.

Әлібек Үрпеков, қала тұрғыны:

- Біріншіден, ол жерде сағат шектеулі. Сосын балалар жалаңаяқ жүреді, жылу жоқ, іші салқын. Жағдай жасалмаған. Халықтың сұрауы бойынша ғой, оның үстіне осы кезге дейін мұндай спортзал болған жоқ. Биыл Жастар жылы болған соң біз бәріміз бірігіп, осындай спортзалды салуға бел будық.

Хабар 24 телеарнасы