383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда кәсіпкерлер қаржысына салынған спорт алаңдары қирап жатыр

  • 173
  • UPD: 22:48, 19.06.2019
Оралда кәсіпкерлер қаржысына салынған спорт алаңдары қирап жатыр

«Бұған нысандарды күтіп ұстауға ешкімнің жауапты болмауы басты себеп», – дейді мамандар.

Өзекті мәселені «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жиынында қала тұрғындары көтерген, деп хабарлайды «Хабар 24». Қазір қараусыз қалған мұндай нысандар балалардың өміріне қауіп төндіре бастады. Мәселен, Құсайынов көшесіндегі 157 үйдің ауласындағы футбол алаңы 4 жыл бұрын салыныпты. Алайда иесіз алаңқайдың қазіргі күйі адам аярлық. Қоршаулары қирап, жұмсақ төсеніштерінің жұлым-жұлымы шыққан. Өкінішке қарай, демеушілер қаржысына салынған қаладағы барлық спорт алаңқайлардың жағдайы осындай күйде.      

Әлия Салиева, «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі: 

- Оларды енді кім қарайды, кім жөндейді, ол белгісіз. Қалалық әкімдік айта алмады. Қанша бізде спорт алаңы бар, кімнің балансында тұрғанын айта алмады. Содан бір ай уақыт бердік.

Ғабидолла Оспанқұлов, Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары:  

- Шешудің екі жолы бар. Біріншісі – мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде белгілі бір кәсіпкер немесе азамат бірнеше сондай алаңды өзінің қарамағына алып, оның жарты шығынын мемлекет төлейді, кейбір шығындарын өзі көтереді. Бірақ азаматтарға ең төменгі кішігірім ақы төлеу болуы мүмкін. Екінші түрі – спорттық клубтар, аула клубтары бар, соның қарамағына беріп, мемлекеттің қаражатынан сақтап тұру.

Хабар 24 телеарнасы