384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада журналистерге арналған аллея ашылады

  • 155
Елордада журналистерге арналған аллея ашылады

Елімізде тұңғыш рет журналистер аллеясы ашылады, деп хабарлайды Елорда ИнфоҚазақстан құрылысшылар одағына сілтеме жасап.

«Қазақстанда журналистерге арналған жасыл желек саябағы жоқ. Осы орайда біздің компания аталған олқылықтың орнын толтырмақ. Барлық журналистер қауымын аллеяның ашылуына шақырамыз», – деп хабарлайды құрылысшылар одағы.

Одақ таратқан мәлімдемеге сүйенсек, айтулы шара 21 маусым күні журналистердің кәсіби мерекесіне орай елорданың сол жағалауында ұйымдастырылмақ.

Сондай-ақ сол күні БАҚ өкілдерінің ағаш отырғызып, естелік суретке түсу мүмкіндігі болады. Және де аллея ішіне орындықтар қойылады.

Хабар 24 телеарнасы