383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында 30-дан астам әскери-патриоттық клуб жұмыс істейді

  • 168
  • UPD: 22:48, 19.06.2019
Қостанай облысында 30-дан астам әскери-патриоттық клуб жұмыс істейді

Қазір солардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға баса назар аударылып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ондағы мақсат – өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беру ісін жетілдіру. Бұл бағытта облыста тағы бір тың бастама қолға алынды. Енді студенттер дәріс сабақтарымен шектелмей, әскери-дала жаттығуларына қатысады. Қостанайдағы жоғары оқу орындарының бірі, Қорғаныс департаменті және «Қарулы  күштер ардагерлері» қоғамдық бірлестігі арасында осындай үшжақты меморандумға қол қойылды. Соның аясында алдағы іс-шаралар жоспары бекітілді.

Жанат Беласарова, облыстық білім басқармасының тәрбие ісі жөніндегі сектор меңгерушісі:

- Бағдарламаға сәйкес, алдағы айда колледж студенттерінің арасында әскери-далалық оқу-жаттығу өткізіледі. Тек ұл балалар қатыспай, қыз балалар да белсенді қызығушылығын арттырып келеді. Олар медициналық көмек көрсету жаттығуларын үйреніп жатыр. Мұның бәрі әскери-патриоттық сезімдерін арттырады деген ойдамыз.

Хабар 24 телеарнасы