384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Этникалық қазақтарға мемлекеттік деңгейде қолдау көрсетіледі

  • 317
  • UPD: 22:46, 19.06.2019
Этникалық қазақтарға мемлекеттік деңгейде қолдау көрсетіледі

Елімізде шетелдегі қазақ диаспораларын мемлекеттік қолдау бойынша заң жобасының тұжырымдамасы әзірленбек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құжатты «Отандастар қоры» жанынан құрылған ғылыми-сараптамалық кеңес қамдауда. Тәуелсіздік жылдары Қазақстанға 1,5 млн этникалық қазақ келген. Бірақ соңғы екі жылдағы көрсеткіш айтарлықтай төмен. Қазір елге оралған бауырларымыз үш мемлекеттік органға жүгінеді. Алайда әлемдік тәжірибе диаспора саясатымен айналысатын бірыңғай өкілеттік органның қажеттігін аңғартты. Заң жобасы негізінде шетелден келген бауырларымызға бір терезе қағидаты бойынша қызмет көрсету қолға алынуы керек. Сондай-ақ тұжырымдама аясында «қазақ картасы» әзірленетін болады.

Мағауия Сарбасов, «Отандастар» қорының вице-президенті:

- Шетелде тұрып жатқан бауырларымыздың көбі басқа елдің азаматтары. Оларға Қазақстанға емін-еркін келіп-кетуге, осында бизнес жасауға, тек саяси құқықтан басқа, яғни сайлану құқығынан басқа, барлық ҚР азаматтарында қандай құқықтар бар, сондай құқықтарға ие болады.

Хабар 24 телеарнасы