384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚХА: Еліміз үшін қоғамдық бірлік пен ішкі саяси тұрақтылықты сақтау маңызды

  • 162
  • UPD: 22:45, 19.06.2019

Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық кеңесінің кеңейтілген отырысында сөз болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ғылыми кеңес мүшелері қоғам бірлігін сақтау, ел азаматтарының тұрмыс сапасын арттыру жайын талқылады. Сонымен қатар мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алға қойған бағыттарын жүзеге асыру барысын тілге тиек етті. Ол үшін ғылыми кеңес қоғамдағы процестерді терең талдауы тиіс. Жаңа трендтер, тегеуріндер мен қауіптерді айқындау қажеттігі айтылды.  Ғалымдар мен сарапшылар қоғамдық-саяси алаң құруы керектігін алға тартты.

Айгүл Сәдуақасова, ҚХА ғылыми-сараптамалық кеңес төрайымы:

- Ассамблеяның ғылыми-сарапшылық кеңесінің отырысы. Бұл жерде біз ғылыми тұрғыда қоғамда қандай өзгерістер болып жатыр, соны қарап жатырмыз. Адамның ішкі дүниесінде қандай құндылықтар бар. Сол құндылықтарға сүйене отырып не істеу керек. Меніңше, біздің басты назарымыз осында. 

Шерзод Пулатов, ҚХА Төрағасының орынбасары:

- Жаңа сайланған президентіміз айтып кетті, қазір көп мәселелер жиналған. Ол көбіне әлеуметтік мәселе. Біз соларды шешудің жаңа жолдарын іздестіруіміз керек.

Халил Маслов, ЕҰУ ҚХА кафедрасының қызметкері:

- Қазақстан аумағындағы университеттерде ашылған ҚХА кафедралары мәңгілік ел құндылықтары деген сабақты енгізіп, студенттерді оқытып жатырмыз. Сонымен қатар студенттер ғылыми жұмыстарын осы тақырып төңірегінде алып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы