383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралдықтар жол белгілерінің жоқтығына наразы

  • 95
  • UPD: 22:43, 19.06.2019
Оралдықтар жол белгілерінің жоқтығына наразы

Оралдықтар көше қиылыстарында тиісті жол белгілерінің жоқтығына наразылық білдірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе жол жөндеу жұмыстары жасалған тұстардан жаяу жүргіншілер жанын шүберекке түйіп өтіп жүр. Өйткені көліктердің жылдамдығын реттейтін арнайы жол белгісі атымен жоқ. Соның салдарынан бірнеше жол-көлік оқиғасы тіркелген. Осыған байланысты «Ел ырысы» шағын ауданының тұрғындары «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесіне арызданыпты. Шағын аудан тұрғындарының шағымын тыңдау мақсатында шыққан мүдделі топ өкілдері біраз былықтың бетін ашты.

Лиза Еділәлиева, қала тұрғыны: 

- Күні кеше ЖКО болды. Көліктер мына жерде өте жоғары жылдамдықпен жүреді. Мен өзім орталықта тұрамын, мұнда балаларым тұрады, жиі келемін.

Жанболат Жаншин, БҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы:

- Қазіргі уақытта шешімін шығарып, осы шешім арқылы жылдамдық бәсеңдеткіш пен жол беру керек деген белгі қойып береміз.  

Хабар 24 телеарнасы