384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде әскерилер арасындағы сайысқа 70-тен аса адам қатысуда

  • 217
  • UPD: 22:42, 19.06.2019
Ақтөбеде әскерилер арасындағы сайысқа 70-тен аса адам қатысуда

Ақтөбеде әскерилер арасында оқ атудан сайыс басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Республикалық Ұлттық ұлан бас қолбасшылығы ұйымдастырған турнирге 70-тен астам адам қатысуда. Үш күнге созылатын турнир әскерилердің біліктілігін артыруға септігін тигізеді. Ал жарыс негізінен осыдан үш жыл бұрын Ақтөбеде болған лаңкестік оқиға кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің ерлігі мен қайсарлығын дәріптеуге арналған.

2016 жылы 5 маусым күні қаладағы екі бірдей қару-жарақ дүкенін тонаған қаскөйлер кейін әскери бөлімге шабуыл жасаған еді. Салдарынан екі офицер мен қатардағы бір жауынгер қаза тауып, алтауы жарақаттанған болатын.

Ерлан Баимбетов, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы:   

- Бұл 17-спартакиада жоспарға сәйкес өтіп жатыр. Жекпе-жек, президенттік көпсайыс, самбо жарыстары өтті. Алматы облысындағы Қаракемер кентінде әскери бессайыс өтеді. Ұзынағаш кентінде регбидан жарыс өтеді.

Хабар 24 телеарнасы