383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтаулық ұстаздардың еңбек демалысының ақысы кешіктіріліп жатыр

  • 174
Ақтаулық ұстаздардың еңбек демалысының ақысы кешіктіріліп жатыр

Ақтаулық мұғалімдердің кешіктіріліп жатқан жазғы еңбек демалысының ақысы маусымның соңына дейін төленеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшылары қалада болған жағдайға байланысты түсініктеме берді. Маусым айының 10-ынан бастап демалысқа шыққан ұстаздардың қолына тиісті қаржы әлі түспеген. Жергілікті әкімдіктің 26 мектеп мұғалімдеріне берешегі – 1 миллиард 400 миллион теңге. «Салық түсімдері әр айдың 25-інен кейін түсетіндіктен, осы айдың соңына дейін барлық мұғалім еңбек демалысының ақысын алады», – дейді жауапты басқарма өкілдері.

Светлана Канешова, облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары:

– Еңбек демалысының ақысын санаулы күндерге кешігіп жатыр. Қатты кешігу деп те есептеуге болмайды. Себебі жалақы тамыз айында не қыркүйекке дейін төленбеген жағдайда қарыз болып есептелмейді. Осы айдың соңына дейін барлық еңбекақы бойынша төлемдер төленеді.

Хабар 24 телеарнасы