383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда кәріз сорғы стансасы тазартылуда

  • 119
Петропавлда кәріз сорғы стансасы тазартылуда

Петропавлды жағымсыз иіс жайлап, тұрғындардың тұншыға бастағанын осыған дейін де айтқан болатынбыз.

Тіпті денсаулығы нашарлап, жедел-жәрдем шақырғандары бар. Арнайы құрылған комиссия ауадан сынама алып, көрсеткіш талапқа сай деп мәлімдеген. Коммуналдық мекемелер болса бірнеше күннен бері кәріз жүйесін тұрмыстық қалдықтардан тазалап әлек. Белгісіз зат иісінің таралу фактісі ҚР қылмыстық кодексінің 325-бабының 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің біріңғай тізіліміне енгізілді. Істің тексерілуі облыстық полиция департаменті мен прокуратураның бақылауында. Қазір қажетті сараптамалар тағайындалды.

Сергей Визеров, «Қызылжар су» мекемесінің бас инженері:

– Коллекторларды тексерген кезде жағымсыз иіске себеп болатындай ешнәрсе байқамадық. Бұл ауданда өндірістік нысан да жоқ. Дегенмен себебін іздеп уақыт жоғалтпай, коллекторларды жуып тазалауға кірістік. Жан-жақтан келетін лас су коллектор арқылы кәріз сорғы стансасына құяды. 3 бірдей өрт сөндіру гидрантын қолданып, қоллекторларды таза сумен толтырып, тазаладық. Сонан соң стансаның өзін тазалауға кірістік.

Хабар 24 телеарнасы