383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР ДСМ: МӘМС ел тұрғындарына медициналық қызметтің қолжетімділігін қамтамасыз етеді

  • 172
  • UPD: 07:25, 20.06.2019
ҚР ДСМ: МӘМС ел тұрғындарына медициналық қызметтің қолжетімділігін қамтамасыз етеді ostov.info

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру ел тұрғындарына медициналық қызметтің қолжетімділігін қамтамасыз етеді, деді Алматыда журналистермен кездескен Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Келер жылдың 1қаңтарынан бастап қазақстандықтар міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру қорына қаржы жинап, кепілдендірілген тегін медициналық көмек алу құқығына ие болады. Яғни емделушілер бұрын-сонды қолжетімсіз болған бірнеше медициналық қызмет түрін пайдалана алады. Тіпті сақтандыру қоры мен әлемге әйгілі жеке клиникалардың арасындағы келісімшарттың негізінде бюджет есебінен сол мекемелерде тегін ем алуға мүмкіндік болады. Ал медицина қызметкерлерінің жалақысы келесі жылы 30 пайызға артады, дейді министр.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

– Ол біріншіден түрлі-түрлі консультативтік және диагностикалық қызметтер. Мысалы бізге ақша жетпей, көп жағдайда біз лимит беретінбіз. Сонымен қатар түрлі оңалту және реабилитациялық қызметтер. Оның көлемі 4 есе көбейеді. Жаңағы консультативтік қызметтер үш есе көбейеді. Ал алғашқы медициналық көмек 30 пайызға өседі.

Хабар 24 телеарнасы