389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан үшін жаңа байланыс спутнигі шығарылады

  • 253
Қазақстан үшін жаңа байланыс спутнигі шығарылады

Францияда КазСАТ-2Р жаңа байланыс спутнигін шығару жөнінде келісссөздер жүріп жатыр.

Ол 4 жылдан кейін жұмыс мерзімі аяқталатын КазСАТ-2 жасанды жер серігін ауыстыруы қажет. КазСАТ-2Р жасау барысында қазақстандық мамандар тартылатын алғашқы ғарыш аппараты болмақ. Оны дайындауға шамамен 300 миллион еуро мен үш жылдай уақыт кетеді. Ғарыштық байланыс аппараттар топтамасының жұмыс тәжірибесі көрсеткендей, бұл шығындар өзін толығымен ақтап жүр. КазСАТ-2Р спутнигін шығаруға Талес Аления Спейс немесе Эйрбас секілді әлемдік деңгейдегі бірнеше компания қатысуы мүмкін. Олар жұмыс барысында өз тәжірибесімен бөлісіп, мамандарымызды оқытуы тиіс.

Бауыржан Құдабаев, «Республикалық ғарыш байланыс орталығы» АҚ басқармасының төрағасы:

– Шығарушылардан КазСАТ-2Р өндірісін нақты Қазақстанда орналастыру мүмкіндіктері туралы сұрап жатырмыз. Ұлттық ғарыш байланыс орталығында құрастыру-сынақ кешені салынған. Тап осы КазСАТ-2Р жобасында толығымен біздің технологиялық жүйеміз, қазақстандық мамандар қолданылады деген үмітіміз бар.

Хабар 24 телеарнасы