384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде отбасын қолдау орталықтары ашылады

  • 360
  • UPD: 16:07, 20.06.2019
Елімізде отбасын қолдау орталықтары ашылады

Қазақстанда отбасын қолдау орталықтары ашылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы балалар құқығын қорғау жөніндегі республикалық кеңестің кеңейтілген отырысында айтылды. Орталықтар, отбасылық құндылықтарды арттыруға бағытталмақ. Кеңес мүшелері отбасылық тәрбиеде рухани өнегені үлгі ету керектігін тілге тиек етті. Сондай-ақ Елбасының «Бақытты отбасы» туралы партиялық жобасын жүзеге асыру барысын талқылады. Аталған жобаны іске асыру үшін арнайы жол картасы дайындалған. Онда отбасылар мен балалардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар шара қолға алынған. Білім беру мен жұмыспен қамту, құрамы толық емес жанұяларға үйде қызмет істеуге жағдай туғызу жайы қарастырылды. Мамандар бала құқығын қорғау мақсатында жасөспірімдерге психологиялық көмек көрсетілетіндігін айтты.

Тамара Дүйсенова, «Nur Otan» партиясы орталық аппаратының хатшысы:

– Барлық облыс пен қалалардың әкімдіктері жол картасына қол қойды. Бұл құжатта өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды қолдауға байланысты атаулы және жүйелік іс-шаралар қарастырылған. Тұтастай алғанда отбасылық тәрбие мен қарым-қатынастарға мән беріледі.

Динара Зәкиева, балалар құқығын қорғау жөніндегі республикалық кеңес төрағасының орынбасары:

– Жол картасында қосымша білім беру де қарастырылған. Мысалы аулалық клубтардың санын арттыруға, тәуекел тобындағы жасөспірімдермен жұмыс істеу үшін аутрич жүйесін енгізу көзделген. Жалпы осы шараларды жүзеге асыру біз үшін маңызды.

Хабар 24 телеарнасы