388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда Елбасының өмірі мен атқарған қызметіне арналған көрме өтуде

  • 383
  • UPD: 14:01, 20.06.2019

Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың мемлекетіміздің ең жоғарғы лауазымды қызметін атқаруына 30 жыл толуына орай арнайы көрме ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тарихи тұлғаға арналған көрме «Отан деп соққан жүрегі, Елбасы – елдің тірегі» деп аталады. Мұнда Елбасының өмірі мен қызмет жолы, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы дамуындағы тарихи рөлі, ғылыми, саяси, әлеуметтік-экономикалық жетістіктерге қосқан зор еңбегі насихатталып отыр. Жалпы Елбасының мемлекет үшін атқарған қызметі, бүгінгідей әлеуетіміз, жоғары саяси тұлғаның сындарлы саясатының арқасы екендігі анық. Көрмеге ішкі істер қызметкерлері, отан алдындағы міндетін атқарып жүрген сарбаздар, жалпы қала халқы мен шетелдік қонақтар да қатысты.

Нұргүл Қамиева, облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері:

– Елбасының өмір дерегінен сыр шертетін фотосуреттер, жалпы еліміздің ең жоғарғы бастамасындағы жасалған игі істер, ашылған зауыттарға барған кезіндегі, Атырауға келген сапарларындағы фотосуреттері қойылған және халыққа жариялаған үндеулері, жарлықтарының көшірмелері, өзінің қолымен жазылған күнделігі, дағдарыстан қалай шығу керектігі жөніндегі кітапша беттері қойылды.

Хабар 24 телеарнасы