383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорда маңында апатқа ұшыраған ұшақ «Навигатор» ЖШС-ға тиесілі болған

  • 170
  • UPD: 15:37, 20.06.2019

Апатқа ұшыраған ұшақ «Навигатор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі болған.

Мекеменің авиациялық жұмыстарды орындауға рұқсат беретін тиісті құжаттары бар. Барлығы AН-2 маркалы 10 ұшақ тіркелген. Ал құлаған ұшақ 1988 жылы Польша зауыттарының бірінде құрастырылған. Айта кетейік, АН-2 ұшағы – Қазақстанның азаматтық авиация саласында кең тараған маркалардың бірі. Ұшақ жолаушылар және жүк тасымалымен айналысады. Ол 12 адамға шақталған. Салмағы 1,5 тоннаға дейін жүк көтереді. Ұзындығы – 12,4 метр. Жылдамдық шегі сағатына – 300 км.

Хабар 24 телеарнасы