383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Диқан қазынасы» атты тұңғыш агросалалық жинақ таныстырылды

  • 172
  • UPD: 15:03, 21.06.2019
«Диқан қазынасы» атты тұңғыш агросалалық жинақ таныстырылды

Қазақ халқының диқандық, егіншілік, бағбандық дүниетанымына негізделген тұңғыш агросалалық фольклорлық жинағының тұсау кесері өтті.

Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Александр Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының қолдауымен таныстырылған жинақтың авторы – әлеуметтік кәсіпкер, мәдениеттанушы-лингвист Абылайхан Қалназаров. Еңбек мазмұнына халық арасында ғасырлар бойы айтылып, ұлттық болмысымыздың қабырғасын құрап тұрған егіншілік сипатындағы әңгімелер, аңыздар, мақал-мәтелдер мен әфсана-қиссалар топтастырылған. Айта кетейік, жинақтың ресми тұсаукесері ертең Ақмола облысының орталығы Көкшетауда өтеді. Кітап 10 мың данамен шығарылған. Алдағы уақытта орыс және ағылшын тілдеріне аудару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Абылайхан Қалназаров, әлеуметтік кәсіпкер, жинақ авторы:

– Аңыздардың өзі 3 бөлімнен тұрады. Біріншісінде ертегілік сипаттағы диқаншылық аңыз-ертегілер болса, екіншісінде нақты бір тарихи тұлғаларға байланысты аңыздар бар. Үшіншісінде – қиссалық сипаттағылар. Яғни Адам ата, періштелер туралы аңыздар жинақталған.

Хабар 24 телеарнасы