383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дәрігерлер АН-2 ұшағының екі экипаж мүшесінің өмірін сақтап қалу үшін күресіп жатыр

  • 174
  • UPD: 17:51, 20.06.2019

Дәрігерлер Ақмола облысында апатқа ұшыраған АН-2 ұшағының екі экипаж мүшесінің өмірін сақтап қалу үшін күресіп жатыр.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Желеухан Пірімқұлов айтты.  Ұшақ көмекшісінің бірі 1990 жылы туған азамат «бас миының ашық жарақаты және бас миының шайқалуы» деген диагнозбен Елорданың орталық темір жол ауруханасына жеткізілді. Екінші 1992 жылы туған науқас қалалық травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтына жатқылызылды. Оған жабық ми жарақаты, мидың шайқалуы және бас-ми сүйегінің жарақаты деп диагнозы қойылған. Қазір екі экипаж мүшесі де аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.

Желеухан Пірімқұлов, қалалық қоғамдық денсаудық сақтау басқармасының бас маманы:

- Аурухананың барлық дәрігері науқастың өмірі үшін күресуде. Науқас шоктан шыққан жағдайда бас миының басыңқы сынығына операция жасалады. Екінші науқас. Бұл науқастың да жағдайы ауыр. Ғылыми-зерттеу институтының барлық дәрігерлері науқастың жанын аман алып қалу үшін күресуде.

Хабар 24 телеарнасы