384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Халықты ауыз сумен қамтамасыз етуде 70-ке жуық жемқорлық дерегі тіркелді

  • 150
  • UPD: 18:24, 20.06.2019
Халықты ауыз сумен қамтамасыз етуде 70-ке жуық жемқорлық дерегі тіркелді

Халықты ауыз сумен қамту ісінде соңғы үш жылда 70-ке жуық сыбайлас жемқорлық дерегі тіркелді.

Мемлекетке келген залал 1,8 миллиард теңге. 32 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. 24-і сотталған. Қылмыстың жартысынан астамын лауазымды тұлғалар жасаған. Олар мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша орындалған жұмыс актілеріне жалған қол қою арқылы арам ойларын жүзеге асырып отырыпты. Бұдан бөлек үкіметтен бөлінген көмек қаржыны қалтаға басқандар анықталды. Тек су емес, жолдарға бағытталған қаржыны жарты жолда жоқ қылғандар да аз емес.

Қайрат Сүлейменов, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті тергеу департаментінің директоры:

- Жолдар салу бойынша бұл салада соңғы 3 жарым жылда 100-ге жуық бізбен сыбайлас жемқорлық қылмыстары тіркелді. Лауазымды тұлғалардан мемлекет 2,7 миллиард теңге залал көргені анықталды. Бұл салада жауапты адамдар орындамаған жұмысты орындаған деп қабылданған. Жауапкершілікке 55 адам тартылып, оның 24-і сотталған.

Хабар 24 телеарнасы