384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Азаматтық авиация комитеті АН-2 маркалы он төрт ұшақтың ұшуына тыйым салған

  • 168
  • UPD: 19:49, 20.06.2019

Ақмола облысында әуе апаты болды. Егіс алқабына химиялық өңдеу жүргізген АН-2 ұшағы қапыда құлап, 1 адам қаза тапты.

Тағы 2 экипаж мүшесі ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Арнайы құрылған комиссия апаттың анық-қанығын анықтауға кірісті.

Дастан Сейілханұлы, тілші:

- Әуе апаты Ақмола облысындағы Родина ауылынан 10 шақырымдай жерде болған. Өздеріңіз көірп тұрғандай бқл маңда ұшақтың сынықтары жатыр. Оқиға орнында арнайы құрылған комиссия мамандары жұмыс істеуде. Бізге белгілісі АН-2 ұшағы бүгін таңғы сағат 6-да егіс алқабын химиялық өңдеу үшін әуеге көтерілген екен.  Үш сағаттың ішінде әуе құралы егіс алқабын 5 рет өңдеп үлгерген. Одан кейін, таңғы сағат 9-дарға таяу тағы да химиялық өңдеу дәрілерін құйып алу үшін  жерге қонған көрінеді. Одан кейін әуе құралы өкінішке орай апатқа ұшырады.  Оқиға орнында электр сымдарының үзілгенін байқауға болады. Электр бағанасының тағы біреуі әудем жерде жатыр. Шамасы соққының қатты болғанын бағанының біраз жерге дейін сүйретіліп кеткенін көруге болады.  

Виктор Жмурик, серіктестік қызметкері:

- Әуе көлігі шамамен таңғы сағат 6-дан бастап ұшты. Содан 3-4 рет келіп, химиялық дәріні құйып қайтадан ұшып кеткен еді. Одан соң құлады. Көргеннен кейін бірден жедел жәрдем шақырдық.  

Дастан Сейілханұлы, тілші:

- Егіс алқабы осы. Мұнда бидай өсірілетін көрінеді. Ал химиялық өңдеуге қолданылатын дәрілер анау тұрған бөшкенің ішінде. Апатқа ұшыраған ұшақ бірнеше рет осы бөшкенің маңайына қонып, жанармайын толтырып алғаннан кейін қайтадан әуеге көтерілген. 

Оқиға куәгері:

- Біз осы маңда жұмыс істейміз. Әуе көлігі әркезде ұшып жүретін. Бірақ олай боларын кім білген. Оқиғаның мән-жайын толық білмеймін. Сондықтан ештеңе айта алмаймын. 

Дастан Сейілханұлы, тілші:

- Әуе апатынан 3 адам зардап шекті. Ұшақ тізгінінде отырған ұшқыш өкінішке орай, оқиға орнында тіл тартпай кетті. Тағы екі экипаж мүшесі Нұр-Сұлтан қаласындағы емдеу мекемелеріне жеткізілген. Оның бірі теміржолшылар ауруханасында жатыр. Екінші науқасты дәрігерлер травмотология және ортопедия институтына жеткізіпті. Қазір ақ халаттылар олардың өмірін сақтап қалу үшін күресуде. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі апаттың жай-жапсарын арнайы құрылған комиссия анықтайды деді. Апатқа ұшыраған ұшақтың  дәл осы Родина ауылындағы шаруашылықтардың біріне тиесілі екені анық. Дегенмен, мамандар бұл ақпаратты нақтылаған жоқ. Шамасы осы тұрақтан да ұшқан болуы мүмкін әлгі ұшақтың. Былтыр қазан айында азаматтық авиация комитеті елімізде 17 жеңіл ұшақтың ұшуына тыйым салған болатын. Оның 14-і дәл осы АН-2 ұшағы.

Авторлары: Дастан Сейілханұлы, Әділғазы Төлеміс

Хабар 24 телеарнасы