389,96 432,20 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Н.Назарбаевтың бастамасымен тұрғызылған Көкарал бөгеті кіші Аралды тиісті деңгейде ұстауда

  • 332
  • UPD: 20:15, 20.06.2019

Қызылорда облысында жүзеге асырылған ең ауқымды бастамалар Қазақстанның Тұңғыш Президентінің есімімен байланысты.

Солардың бірі Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау жобасы. Кезінде кенезесі кеуіп кеткен әйгілі айдынның оралуы, аймақ тіршілігін жандандырғаны сөзсіз. 

Ғаламат ғасыр жобасы. Мамандар Елбасының пәрменімен жүзеге асқан САРАТС-қа осындай баға бергені мәлім. Расында теңізді қолдан бөгеу бұрын-соңды болған емес. 

Ұзындығы 13 шақырым болатын Көкарал бөгеті 14 жылдан бері кіші теңізді тиісті деңгейде ұстап тұр. 

Қайрат Жансұлтанұлы, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы:

- Жоба 86 млн АҚШ долларын құрайды. Сол жобаның арқасында біз кіші Арал теңізін сақтап қалдық, қазір кіші Арал теңізінде 27 млрд текше метр су бар. Кезінде ол 15 млрд болған.

Жақсылық Ділжанов балықшылар әулетінің ұрпағы. Бала күнінен әкесімен бірге ескек есіп, балық сүзген ол теңіздің шалқар шағы да, тартылған кезеңі де көз алдында өткенін айтады. 

Жақсылық Ділжанов, Арал қаласының тұрғыны: 

- Кіші аралдың келу себебінің басты Елбасының тікелей Аралға назарының арқасында болған жағдай ғой. Бұл Кіші Аралдың САРАТС жобасының бірінші кезеңі сәтті аяқталып,  жергілікті балық түрлері пайда болып, қайтадан балық ауланып, сондай деңгейге дейін көтерілдік осы уақытқа дейін.

2000 жылға дейін тұз татыған Аралда тек камбала ғана болған еді. Ал бүгінгі күндері балықтың 23 түрі ауланады. Ең бастысы бұл салада Арал өңірінің мыңдаған тұрғыны еңбек етеді. 

Жалғас Ахметов, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы:

- Жылына 8-8,5 мың тоннаға дейін балық ауланып келеді. Балық аулау көлемінің өсуі, балық өңдеуші кәсіпорындардың дамуына үлкен септігін тигізді. Сөйтіп, теңіздің айналасындағы елдімекендер бар, арал қаласында бар, бұрынғы балықшылар тарихи кәсібіне қайта оралып, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайының жақсаруына үлкен септігін тигізді.

Соңғы 5 жылда өңірде балық аулау көлемі 30 процентке артты. Жергілікті балық зауыттарында өңделген өнімдер Еуропа елдеріне экспортталады.

Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Әлхайдар Тұрлыханов

Хабар 24 телеарнасы