384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Н.Годунова бюджет қаржысы тиімсіз жұмсалғанда кімді жазалау керектігін айтты

  • 147
  • UPD: 21:10, 20.06.2019

Ел қазынасын тиімсіз жұмсағаны үшін бюджеттік бағдарламалардың басшыларын жазалау қажет.

Яғни вице-министрлер мен министрліктің жауапты хатшыларының жауапкершілігін арттыру керек. Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова депутаттарға осындай ұсыныс жасады. Өйткені атқамінерлер былтырдың өзінде 138 млрд теңге көлеміндегі бюджеттік ақшаны тиімсіз игерген екен. 

- Впечатление такое, что министерства специально занимаются сочинением ребусов для счетного комитета и парламента. Именно в отставании экономической базы лежит причина хронического превышения расходов бюджета над доходами и повторяющимся использованием средств нацфонда на латание бюджетных дыр. При падающем курсе тенге мы не смогли установить контроль взорванным ценам. 

Ел қазынасын дұрыс игеруге қатысты мәселеде мін болмау керек. Алайда депутаттар мемлекеттік бюджетті орындауға байланысты біраз кемшілік тапты. Қара терге түсіп, талай қызыл кеңірдектескендері де сондықтан. Білім және ғылым һәм Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінде қаржылай бұзушылықтар көп екен. Есеп комитеті бүгін осылай деп есеп берді. Мемлекеттік органдардың бұрыс бюджеттік шешімдер қабылдауларының салдарынан былтыр 138 млрд теңге көлеміндегі ақша тиімсіз жұмсалыпты. Ал бар кінә қатардағы қызметкерлерге артылған көрінеді.

Қожахан Жабағиев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Елімізде заңнамалық база да, жоспарлау әдістемесі де бар. Сондай-ақ сапасыз жоспарлағаны үшін жауапкершілік те көрсетілген. Сіздің пікіріңізше, республикалық бюджетті сапалы жоспарлауға не кедергі? Үкімет бюджеттік бағдарламаларды сапасыз орындағаны және көрсеткіштерге қол жеткізбегені үшін қандай шараларды қолданды? 

Асқар Мамин, ҚР Премьер-министрі:

- Сіз өте маңызды сұрақ көтердіңіз. Ол жауапкершілік. Әлгінде айтқандай, 200 астам адам тәртіптік жауапқа тартылды. Меніңше, жаңа өзгерістердің ішінде бірінші басшылардың жауапкершілігін күшейтетін жаңа заң жобасын әзірлейміз.

138 млрд теңгенің тиімсіз жұмсалғаны үшін тәртіптік жауапқа 224 адам тартылды. Оның тек 9 пайызы ғана - басшылар. Ал Бюджет кодексінде мемлекеттік бағдарламаны сапасыз жоспарлағаны және оның нәтижелі көрсеткішіне қол жеткізбегені үшін бағдарлама жетекшісін жазалау көзделген. Яғни, бұл - министрліктің жауапты хатшылары мен вице-министрлер.

Наталья Годунова, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы:

- Қазір біз әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске бюджеттік бағдарламалар басшыларының қаржылай кемшіліктерге жол бергені үшін жауапкершілігін арттыруды енгізіп отырмыз. Бұл заң жобасы Мәжілістің екінші оқылымда қаралады. Бюджеттік ақшаны дұрыс жоспарлап, дұрыс игеру керек. Өйткені, ел активі - бұл қазақстандықтардың қаржысы. Әр тиынның сұрауы бар.

Наталья Годунова мемлекет есебінен салынатын нысандардың жобалық-сметалық құжаттамасын дұрыс әзірлеу керегін де атап өтті. Есеп комитеті төрайымының айтуынша, техникалық жобасы бірдей әлеуметтік ғимараттарға әр түрлі қаражат жұмсалады. Қазына ақшасын тиімсіз жоспарлағандықтан, осындай кемшіліктер болуда. 2015 жылдан бері жеті рет өлшеп, бір рет кескенде бюджеттің 2 трлн теңгесін үнемдеуге болар еді.

Авторлары: Ж.Біркенов, Ғ.Алшынбаев, Е.Наурызбаев

Хабар 24 телеарнасы