389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алдымызда әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан сапалы жаңару міндеті тұр – Сарапшы

  • 255
Алдымызда әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан сапалы жаңару міндеті тұр – Сарапшы

Еліміздің алдында әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан болсын, қоғамдық саяи жағынан болсын сапалы жаңару міндеті тұр. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімінде елдегі экономикалық, әлеуметтік, саяси мәселелерді шешу үшін 10 міндетті айқындап берген еді. Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының қызметкерлері дөңгелек үстел басында мемлекет дамуын жаңа деңгейге бағыттайтын осы міндеттерді талқылап, алда атқарылар істердің маңыздылығына тоқталды. Жиынға қатысушылардың айтуынша, қазірдің өзінде жаңа институттар құрылып, кадрлық тағайындаулар жүргізілді. Билік пен қоғам арасындағы байланысты арттыруға арналған шаралар да қолға алынды. Осының барлығы елдің тұрақты дамуына үлес қоспақ.    

Әсима Бимендина, «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ төрағасының орынбасары:

- Әлеуметтік саланы жаңарту керек. Көптеген ұсыныстар  айтылып жатыр. Халыққа жағдай жасау керек, осы салаға көптеген көңіл бөлуіміз керек деп ойлаймын. Ал біз көп ұлтты мемлекет болғасын бірлік пен достық болу керек. Екіншіден, 30 елдің қатарына кіру үшін ең бірінші білім болу керек, екніншіден, халықтың жағдайы көтерілу керек. Үшнішіден, достық керек. Осы саясатымыз жалғасады деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы