388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарлық жастардың бастамалары қолдауға ие

  • 420
  • UPD: 14:03, 21.06.2019

Павлодарда Nur Otan партиясы қалалық филиалының этномәдени бірлестіктері ҚР президентінің сайлауынан кейін алғашқы жиынын өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Атап өтерлігі, саяси науқанда Павлодар облысы асқан жауапкершілік танытты. Соның ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері байқаушы, сенімді тұлға, облыстық және қалалық штаб мүшелері ретінде жұмыс атқарды. Аудан, қала, облыс тұрғындарымен кездесулер өткізіп, Nur Otan партиясы ұсынған кандидаттың сайлауалды платформаларын  таныстырды. Этномәдени бірлестік өкілдері барша Қазақстан халқымен бірге татулықта, өзара ынтымақтастықта өмір сүруді қалайды. Президенттің бастамалары, оның ішінде жастардан кадрлық резерв құру саясаты ерекше қолдау тауып жатыр.

Ольга Литневская, Nur Otan партиясының бастауыш партия ұйымының төрайымы:

- Бізді жастарға басымдық беріліп отырғаны қуантады. Ол – еңбекпен қамтылуы, еліміздің қоғамдық және саяси өміріне белсене араласуы. Қазақстанның болашағын жастар қалайды. Сондықтан жастардың тағдыры сенімді қолға табыс етілді деген сенімдеміз.

Рамиль Смайылов, облыстық ҚХА жастар қанатының төрағасы:

- Шын мәнінде мен үшін, менің жеке тағдырым үшін бұл тебіреніске толы сәт болды. Біз 50-ден аса кездесу өткіздік. Аудан тұрғындарымен, жастармен кездестік. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының барлық бастамаларын біз,  жастар алға жылжытатын боламыз.

Хабар 24 телеарнасы