389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-дағы жағажайларда қауіпсіздік ережесі ескерілмейді

  • 306
  • UPD: 14:02, 21.06.2019
ШҚО-дағы жағажайларда қауіпсіздік ережесі ескерілмейді

Биылғы шомылу маусымы басталғаннан бері Шығыс Қазақстан облысында 29 құтқару бекеті қызмет көрсетуге дайын тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соған қарамастан жыл басынан бері жеті адам суға кеткен. Бүгінде өңірде 113 құтқарушы жұмыс істейді. Олар әрбір су айдынында тәулік бойы патрульдік қызмет атқарып, халыққа қауіпсіздік ережелерін түсіндіреді. Әрбір аудандағы бөлімде сүңгуірлер бар. Облыста 50-ден астам аумаққа суға шомылуға болмайды деген белгі орнатылған. Бүгінде аймақта бірнеше жағажайда ғана қауіпсіз саналады. Жалпы, облыста барлығы 339 суға шомылу орны болса, олардың бәрі арнайы талапқа сай келмейді. Шығыс Қазақстан облысында екі мыңнан астам өзен-көл бар. Мамандардың айтуынша, олардың бәріне бірдей шомылуға болмайды.

Владимир Субботин, облыстық ТЖД судан құтқару қызметінің бас құтқарушысы:

- Шығыс Қазақстан облысында бас-аяғы үш жағажай ғана талапқа сай. Өскеменде екеу, Ұлан ауданында біреу. Басқа өзен-көлдердің жағажайларындағы шомылатын орындар арнайы талапқа мүлде сай емес. Бірақ демалысқа келген адамдар оны есермейді. Қайғылы жағдайдың көбі осындай қауіпсіздік ережесін сақтамағаннан болады. Бірақ біз оған қарамастан ол жағажайларда рейдтер өткізіп, халыққа қауіпсіздік ережесін түсіндіреміз.

Хабар 24 телеарнасы