384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жетісудағы университет ректоры Елбасының тәуелсіздік жылдарындағы еңбегіне көз жүгіртті

  • 213
  • UPD: 15:52, 21.06.2019

Қазақстан әлемдік қауымдастық алдында бейбітшілікті ту еткен мемлекет ретінде танылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған қазақ елінің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Семей полигонын жапқызып, ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз етуі, Қазақстан халқы Ассамблеясын құрып, оны елдегі ең іргелі қоғамдық институтқа айналдыруы оң әсер етті. Алыс және жақын шет мемлекеттер бүгінде ассамблеяны Қазақстанның бренді деп біледі. Еуразияның кіндігіндегі елордамызда дүниежүзіндегі күрделенген мәселелердің талқылануы Қазақстанның абырой-беделін одан ары арттыра түсті. «Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуіміз соның айғағы», – дейді отандық ғалымдар.

Қуат Баймырзаев, университет ректоры:

– Осы мемлекеттер 56 жыл ішінде Еуропаның төріне шығып, төрағалық етіп жатқанда Қазақстан өз тәуелсіздігінің 18 жылында ғана шығып, төрағалық еткен. Бұл да Елбасының саясатының жемісі. Мен осы Қазақстанның азаматы ретінде осы Елбасымыздың Қазақстанды осындай дәрежеге көтеріп, Қазақстанның дүниежүзіндегі өзінің орнын таптыруы бұл үлкен Қазақстан халқының сенімін атқарғанын көрсетеді.

Хабар 24 телеарнасы