384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Е.Жүнісов: Нұрсұлтан Назарбаев медицина саласын модернизациялауға өлшеусіз үлес қосты

  • 260
  • UPD: 15:53, 21.06.2019

Eлімізді Нұрсұлтан Назарбаев басқарған 30 жылдың ішінде медицина ғылымы айтарлықтай ілгерілеп, қарқынды даму жолына түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Семей медицина университетінің ректоры Ерсін Жүнісов осындай пікірде. Оның айтуынша, Нұрсұлтан Әбішұлы ел президенті болған жылдары медицина саласын модернизациялауға өлшеусіз үлес қосты. Бұған Қазақстанның Тұңғыш Президентінің 90 жылдары ұстанған бағыт-бағдары мен сарабдал саясаты оң әсер еткен.   

Ерсін Жүнісов, Семей мемлекеттік медицина университетінің ректоры:

- Қазақстанды дамыту, оны әлемдік деңгейлерге жеткізу үшін Елбасының таза өзінің кемеңгерлігінің арқасында жеткен үлкен жетістіктер деп білеміз. 2000 жылдардың басындағы экономикалық тұрақтылықтың, еліміздің қарқынды дамуының арқасында біздің саламызда да, медицинада да үлкен қадамдар басталды. Әлемдік технологияларға қарай біз мүмкіндіктер алдық.

Хабар 24 телеарнасы