389,96 432,20 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұрлан Оразалин: Елбасы – жаны тұнықты қалайтын шығармашыл адам

  • 364
  • UPD: 15:24, 21.06.2019
Нұрлан Оразалин: Елбасы – жаны тұнықты қалайтын шығармашыл адам Almaty.tv

Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың бойында батыл шешім қабылдаумен бірге адамның жанына үңіле білетін ақындық сипат та бар.

«Ол – тек білікті басшы, мықты саясаткер ғана емес, жаны тұнықты қалайтын шығармашыл адам», – дейді ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Нұрлан Оразалин.

Нұрлан Оразалин, ақын, мемлекет және қоғам қайраткері:

- Кез келген өнер адамдарымен сөйлескен кезде, ол кісілердің жаратылысын біліп отырады. Және қандай шығармасы бар екенін, әсіресе біздің әдебиетшілерді қабылдаған кезде ол кісілердің  шығармаларын оқып, пікір айтып, бағасын беріп,  жалпы біздің қазақ әдебиетімен шектеліп қана қоймай, кешегі ұлы жырауларымызбен ғана шектеліп қана қоймай, әлемдік әдебиетті де қатты қадағалап оқып отырады. Нұрекең халықтың тарихын, ұлттық әдебиетіміздің жағдайын, содан кейін жалпы өнеріміздің табиғатын, жаратылысын әріден білетін адам.

Хабар 24 телеарнасы