384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ғани Қасымов: Қазақстанның дамуына Елбасының қосқан үлесі зор

  • 174
  • UPD: 17:47, 21.06.2019

Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүріп өткен өмір мектебінің мемлекеттік мәселелерді шешуде көмегі болды, - деп еске алады мемлекет қайраткері Ғани Қасымов.

Жас егемен елді саяси-экономикалық даму жолына салу президенттік институттың арқасында ғана емес, Ұлт Көшбасшысының ерекше тұлғалық ұстанымдарының арқасында мүмкін болды. Шетелдік тәжірибелерді елімізге әкелуден, оны бейімдеуден ешқашан тартынған емес. Қиындықтан қорықпай, қарамағындағыларға күрделі тапсырмаларды жүктейтін.

Ғани Қасымов, мемлекет қайраткері:

- Қазір айтуға оңай. Бірақ ол кезде бәрін басынан бастау керек болды.  Өндіріс, аграрлы сектор. Ол кісінің жеке тұлғалық қасиеті ерекше. Ішкі түйсігі адамға тән емес деп айтар едім. Қауіп қайда – ол сол жерден табылатын. Келісімге де тез қол жеткізеді.

Хабар 24 телеарнасы