388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан студенттер альянсы: Жастарға көңіл бөлінуде

  • 469
  • UPD: 18:09, 21.06.2019
Қазақстан студенттер альянсы: Жастарға көңіл бөлінуде

Мемлекеттік саяси шешімдер қабылдауда жастар пікірінің ескерілуі, олардың жалпыұлттық талқылау алаңдарына атсалысуы құптарлық қадам.

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында да осы бағыттар туралы айтылды және бүгінде орындалып келе жатыр, - дейді Қазақстан студенттері альянсының көшбасшысы Ілияс Түстікбаев.

Ілияс Түстікбаев, «Қазақстан студенттер альянсы» РСҚ көшбасшысы:

– Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасы бізге өте жақын болды. Себебі ол – қазіргі таңдағы Қазақстанның дамуы және Елбасының салып кеткен дара жолын жалғастырушы құжат. Бұл бағдарлама арқылы біз өзімізге көбірек көңіл бөлінгенін байқап отырмыз. Соның ішінде атап айтары, қазіргі жастарымыз билік басына көбірек келуі және де президенттік кадрлық резервтің қалыптасуы.

Хабар 24 телеарнасы