389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қаржы басқармасы басшысының орынбасарына 83 млн теңге ұрлады деген айып тағылды

  • 313
  • UPD: 22:10, 21.06.2019

Петропавлда бюджет қаржысын жымқырды деген күдікпен қаржы басқармасы басшысының орынбасары ұсталды.

Бұл туралы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлап отыр. Оған әйелімен бірге біреудің атынан кәсіпорын ашып, жалған келісімшарттарға қол қою арқылы 83 млн теңге ұрлады деген айып тағылып отыр. Бұл қаржы жер беру жобасын жасауға бөлінген. Шенеуніктің жұбайы кезекті рет 19 жарым млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдыру кезінде қолға түсті. Қазір басқарма басшысының орынбасары қамауға алынды. Ол кінәсін мойындады. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы