389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұрсұлтан Назарбаев – күллі түркі әлеміне ортақ тұлға

  • 377
  • UPD: 20:24, 21.06.2019

Алматыда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекетті басқарған қызметіне арналған «Кемеңгерліктің 30 жылы» атты халықаралық ғылыми конференциясында Елбасымен қызметтес болған мемлекет қайраткерлері, саясаттанушылар мен халықаралық деңгейдегі сарапшылар Нұрсұлтан Назарбаевтың кемеңгерлік болмысына қатысты ой-пікірлерін айтты.

Халықаралық маңызы бар жиында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 30 жылда Қазақстанның экономикасы мен саяси сахнада және қоғамның әр саласындағы жеткен жетістіктеріне жекелей тоқталды. Жалпы 30 жылда Қазақстан биік белестерге көтеріліп, еңсесі тіктелді. Экономикалық даму бағдарламалары жемісін беріп, ішкі жалпы өнім көлемі 10 есеге ұлғайды. 

Оралбай Әбдікәрімов, мемлекет қайраткері:

– Нұрсұлтан Назарбаев – жинаған тәжірибесін, білімін, талантын осы мемлекетті құруға арнады. Біз соның куәсі болып отырмыз. 30 жылдың ішінде Қазақстан әлі де дамитындығына көзіміз жетеді.

Елбасы әлемдегі бейбітшілік пен өзара ынтымақтастың орнауына күш-жігерін аямады. Жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі бастамалары әлемдік қауымдастықтың қолдауына ие болып, өз нәтижесін берді, - дейді жиынға қатысушы сарапшылар.

Михаил Липкин, тарих ғылымдарының докторы /Ресей/

– Әлемдік саясат сахнасында Назарбаевтың стратегиялық бағдарлау қабілеті, өз мемлекетінің мүддесін бірінші орынға қоя отырып, халықаралық аренада оны сауатты қорғай білу қасиетін ерекше бағалап, құрметтейміз.

Эльман Насыров, саяси зерттеулер институтының директоры /Әзербайжан/

– Нұрсұлтан Назарбаев – күллі түркі әлеміне ортақ тұлға. Соның арқасында түркітілдес елдердің қарым-қатынасы жаңа сипатқа ие болды. Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы ынтымақтастық нығайды. Менің ойымша, Нұрсұлтан Назарбаев түркітілдес елдердің бірлігін бекем етуге айтулы үлес қосты.

Тұрақтылық пен бейбітшілік жоқ жерде қоғам дамымайды. Адами құндылықтар құрдымға кетіп, мемлекеттің өркендеуіне кесірі тиеді. Сондықтан қазіргі аласапыран заманда Қазақстан өз саяси әрі экономикалық, рухани бағытынан танбай, бірлік пен достықты, ынтымақ пен еңбек сияқты қастерлі ұғымдарды ұстану керек, деді Елбасы.

Алмас Садуақас, Ерлан Әбжанов, Валентин Лобанов, Эдуарад Кон

Хабар 24 телеарнасы