383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада полиция қызметкерлері марапатталды

  • 176
  • UPD: 08:22, 22.06.2019
Елордада полиция қызметкерлері марапатталды

Кәсіби мереке қарсаңында еліміздің бас қаласында қызмет ететін 100 тәртіп сақшысы марапатталды.

Қызметіне адал мамандарға алғыс хаттар табысталды. Одан бөлек, бірқатар қызметкердің шені жоғарылады. Бұл күні құқық қорғау саласының ардагерлері де назардан тыс қалмады. Кейінгі жастарға үлгі болар аға буын өкілдеріне сый-құрмет көрсетілді. Қызмет бабында ерлікпен қаза тапқан сақшылардың жақындары да шақырылды. Жалпы, елордадағы қоғамдық тәртіпті 4 мың қызметкер  қадағалайды.

Данияр Шымырқұлов, Нұр-Сұлтан қаласы ІІД ЭҚКБ бастығының орынбасары: 

- Органда жұмыс істеп жатқаныма 15 жылдай болды. Бүгін ішкі істер министрінің құрмет грамотасын алып, сыйақы алып, өте қуаныштымын. Қызметкерлер арасынан мені үздік деп танығандарына. Және, айтарым, бізге жүктелген мақсаттар мен талаптарды әрқашан орындаймыз.

Хабар 24 телеарнасы