384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауының жеңімпаздары анықталды

  • 231
  • UPD: 09:47, 22.06.2019

Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің төл мерекесі қарсаңында қазақ тілін ерекше дәріптеген тілшілер арнайы марапатталды.

Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған тілшілер бәйгесіне 246 материал келіп түскен. Конкурста журналистер төрт номинация бойынша сынға түсті. Кіл мықталар арасынан дара шыққан «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Бекен Қайратұлы бас жүлде мен миллион теңгені қанжығалады. Ал «Үздік телебағдарлама» аталымы бойынша «Хабар» агенттігінің продюсері Әсел Тұрсынғазина жүлделі орыннан көрінді.

Әсел Тұрсынғазина, «Хабар» телеарнасының продюсері:

- Бұл біздің ұжымның еңбегінің жемісі деп білем. Бұл Хабар арнасы бағдарламалар өндірісі бөлімінің еңбегі. Және «Ұлы дала өркениеті» бағдарламасы ұжымының еңбегі деп білем. Біздің шығармашылық жолымызды дамытуға үлкен стимул болды.

Хабар 24 телеарнасы