384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Н.Назарбаев саяси бюрода Теміртау халқының мәселесін көтерген адам – Ардагер металлург

  • 185
  • UPD: 11:34, 22.06.2019

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 30 жыл ішінде атқарған еңбегі орасан. Тәуелсіздікпен бірге еліміздің барлық саласы түрленіп, халықтың әл-ауқаты жақсарды.

Сонау 90-жылдары тұралаған өндірістің тамырына қайта қан жүгірту үшін Қазақстанға әлемнің алпауыт компаниялары шақырылып, ел экономикасына бұрын-соңды болмаған инвестициялар тартылды. Нәтижесінде ірі кәсіпорындарды тірек еткен Теміртау сияқты шағын шаһарлар дамыды. Елбасымен бірге еңбек еткен замандастары осылай дейді.

Ермек Төлеубаев, Елбасының замандасы, ардагер металлург:

- Москваға барды. Ол уақытта жүректі адам болмаса Москвада, политбюрода шығып, сөз сөйлеу оңай емес. Бірақ ол кісі сол жерде шығып, күллі Теміртаудың жағдайын айтып, соншама халық, жастар Теміртауға келді, зауытты көтерді, бірақ бізге – жастарға жасалып жатқан ештеңе жоқ деп, соның бәрін сол жерде көтеріп, көп жағдайды осы жақта жасап кетті. Қазіргі осы қаламызда бассейніміз бар, двореціміз бар, стадион бар, қаншама ғимараттар, қаншама садиктер салды. Мынау университет те сол кісінің арқасында ашылды.

Хабар 24 телеарнасы