383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысының белсенділері Ресейде «Ерлік жолы» акциясына қатысып жатыр

  • 174
  • UPD: 13:57, 22.06.2019

Ресейдің Мәскеу облысында «Ерлік жолы» атты халықаралық тарихи-патриоттық акция өтіп жатыр.

Ұлы Отан соғысының 78 жылдығына орайластырылған шара барысында іздестіру отрядтарының мүшелері «Мәскеу-Ленинград-Мәскеу» бағытымен жүріп өтпек. Осымен үшінші жыл қатарынан өтіп жатқан акцияға Ертіс өңірінің белсенділері де қатысып жатыр. Павлодарлық іздестірушілер әріптестерімен бірге 1500 шақырымнан астам жолды еңсермек. Сапардың мақсаты - Отан үшін отқа түсіп, Ұлы жеңісті жақындатқан бабалардың руханына тағзым етіп, кескілескен ұрыс жерлерде болу.

Хабар 24 телеарнасы