389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мағзұм Мырзағалиев Ақтөбеге жұмыс сапарымен аттанды

  • 435
  • UPD: 14:15, 22.06.2019
Мағзұм Мырзағалиев Ақтөбеге жұмыс сапарымен аттанды

Еліміздің Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Ақтөбеге жұмыс сапарымен аттанды.

Мағзұм Мырзағалиев өзен арнасын кеңейту бойынша гидрологиялық жұмыстардың дұрыс ойластырылмауына байланысты туындаған мәселені зерделеу үшін Ақтөбеге ұшады. Осыған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Экология министрі Мағзұм Мырзағалиевке тапсырма берді.

«Ақтөбеде өзен арнасын кеңейту бойынша гидрологиялық жұмыстардың дұрыс ойластырылмағанынан экологиялық қауіпті жағдай қалыптасып отыр. Мәселені шұғыл түрде шешу керек. Бұл жаңадан құрылған министрліктің басшысына алғашқы тапсырма», - деп жазды ҚР Президенті твиттерде.

Хабар 24 телеарнасы