389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде алғаш рет жас мемлекеттік қызметшілер форумы өтті

  • 462
  • UPD: 15:41, 22.06.2019

Жастар жиыны Бурабай баурайында ұйымдастырылды. Шараға республиканың барлық аймағынан 100-ден астам жас маман қатысты.

Форумда жақында ғана қорытындыланған «Үздік мемлекеттік қызметші» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Мұнан соң қатысушылар түрлі семинар-тренингтерге қатысты. Форум ашық аспан астында ұйымдастылды. Мұның да өзіндік себебі бар. Өйткені, көбіне кеңседе жұмыс істейтін жастар, бір серпіліп қалды. Жалпы елімізде 22 мыңнан астам жас мемлекеттік қызметкер бар. 

Анар Жайылғанова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы: 

- Қазақстанымыздың өркендеуі үшін, гүлденуі үшін атсалысамыз десе, ондай жастарды біз әрдайым қолдауға тиіспіз. Өйткені, біздің ешбір жас маманымыз көңілдері шайлықпау керек. Оларды қолдау керек. Олардың идеялары болса, оны ары қарай дамытып. Жалпы, біз мемлекеттік қызметтегі жас мамандарға үлкен қолдау білдіретін боламыз. Әрине, бюджет қаржы шамасында барлық мәселелерді жасайтын боламыз».

Раушан Кесікбаева, «ҚР үздік мемлекеттік қызметшісі» байқауының жеңімпазы /Маңғыстау облысы/:

- Қазіргі заманғы мемлекеттік қызметкер меніңше, ол, кеңсеге немесе жұмыс орнына байланып қалмай, әсіресе, мынау әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтармен бетпе-бет кездесіп, олардың мұң-мұқтажын тыңдайтын, өзін жан-жақты дамыта білген, қарапайым, халықтың мұң-мұқтажын өз мұң-мұқтажындай қабылдау керек деп есептеймін.

Хабар 24 телеарнасы