384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы білім мен ғылым саласын дамытуға айрықша көңіл бөлді

  • 216
  • UPD: 23:50, 22.06.2019

Ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдарынан бастап Елбасы білім мен ғылым саласын дамытуға айрықша көңіл бөлді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл саладағы бүгінгі жетістіктер Нұрсұлтан Назарбаевтың биік мұраттарды көздеген стратегиялық  бастамаларының жемісі. Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Еркін Әбілдің пайымынша, Тұңғыш Президенттің «Болашақ» бағдарламасы, үш тілділік оқыту жүйесі секілді бастамалары жер жаһанда өзімізді көрсетіп, өзгелерді танып, білуге жол ашты.     

Еркін Әбіл, ҚМПУ ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор:

- Биыл Қазақстаның 8 университеті рейтингтерге кірді, халықаралық QS рейтингіне. Оның ішінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ең жақсы 300 университеттің ішіне кірді. Бұрын болмаған бізде, университет бар екенін тек қана мамандар білген, енді әлем біліп жатыр. Топ 500-ге 3 университет кірді Қазақстаннан7 Ол да кезінде сол Елбасының тапсырмасы болатын.

Хабар 24 телеарнасы