389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тәуелсіздік жылдарында 800-ге жуық полицей қызмет бабында қаза тапқан

  • 414
  • UPD: 23:47, 22.06.2019

Полицейлердің кәсіби мерекесі қарсаңында елордада салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мерекелік шара қызметтік міндетін орындау барысында қаза тапқан полицейлердің ескерткішіне гүл қою рәсімінен басталды. Жиынға еліміздің ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев бастаған сала мамандары мен қайтыс болған полицейлердің отбасылары қатысты. Еліміз егемендік алғалы 800-ге жуық полицей қызмет бабында қаза тапқан, тағы 3500 сақшы жарақат алған. Салтанатты жиын сала үздіктерін марапаттауға ұласты. Ел тыныштығын қорғап жүрген 700-ге жуық қызметкер ведомстволық марапаттар мен медаль алды. Бұдан бөлек, Ішкі істер министрлігінің ведомстволық оқу орындарының үздік түлектері марапатталды.

Әділет Серік, ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтының түлегі:

- Алғашқы «Азаматты қорғау лейтенанты» атағымды министрдің қолынан алып отырмын.  Осы алғашқы атағымды әрі қарай елімнің дамуына жұмсап, елім үшін шексіз беріле қызмет атқаратын боламын. Елімнің, халқымның сенімін ақтап, шынайы патриотизмнің маңызды көрінісін осы жұмыс барысында көрсететін боламын. Барша әріптестерімді Полиция күнімен құттықтаймын.

Хабар 24 телеарнасы